Азаматтар карантиндік шектеулерге қарамастан той жасауды тоқтатар емес. Шымкентте құрылған мобильді топ күн сайын рейдке шығып, тығылып, той жасағандардың ісін әшкерелеуде. Алайда, қанша мәрте айыппұл арқаласа да еережені ескермей отырғандар көп.
Осыған дейін бір ғана Абай ауданында 280 нен астам отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, той ортасынан тоқтатылған. Бір қызығы, тығылып той жасаушылар мобильді топ мүшелері келген кезде де қарсылық танытады. Алайда құзырлы орган өкілдері оларға тиісті шара қолданып, тойхана иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырып жатыр.Шақырусыз келген қонақтарды кім жақтырсын? Білетіндер «Мерей» тойханасында той үзілмейді дейді. Бұл жолы да ұзату тойының үстінен түстік. Мобильді топтың келгенін сезіп, есікті тарс жауып, жарықты сөндіріп қойыпты. Қараңғылық қонақтарға кедергі келтірмейтінге ұқсайды. Ұялы телефонның жарығымен құдаларына құйрық-бауыр жегізіп, жұрт мәре-сәре. Шаһарда карантиндік шектеу шаралары эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін ұзартылған. Қазір пандемияның екінші толқыны басталып та кетті. Бір қызығы бұл мейрамхана бір емес үш мәрте айыппұл арқалаған. Бірақ, сонда да айылын жияр емес.
Алмас Жарасов – Абай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы
Абай ауданында 5 мобильді группа бар, біз 14-30 дан 19-00 ге дейін рейдке шығамыз, Мобильді групппаның ішінде Абай аудандық әкімшілгі, СЭС және прокуратура қызметкерлері бар. Белгіленген жерге учаскелік полиция қызметкерін шақырамыз. Осылайша күн сайын мониторинг жасап,отбасылық мерекелік іс шараларды анықтап, айыппұл салып жатырмыз. Бірақ соған қарамастан, тығылып той істеушілерге тыйым болмай тұр.
Коронавирус пандемиясына байланысты дәрігерлер, тұрғындарға үндеу жасап, карантин талаптарын қатаң сақтауға, той жасауды тоқтатуға шақыруда. Бұрын шақырған жерден қалма деуші едік, қазір шақырған жерге барма дейтін болдық. Сонда да тығылып той жасау әдеті тыйылмай тұр.
Г: Қалмырзақызы