ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЖҮРМЕЙДІ

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлік нысандарға кезекті түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Себебі, 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап барлық салық төлеушілер бақылау кассалық машинасын онлайн тіркеуге міндетті болатын. Яғни, барлық дүкен иелері қолма-қол ақшамен емес, бақылау-кассалық машинасымен жұмыс жасаулары тиіс. Ұйымдастырылған арнайы рейд барысында қандай кемшіліктер анықталды? Құқық бұзған кәсіп иелеріне қандай шара қолданылмақ? Толығырақ арна тілшісі Назкен Скандар тарқатып айтсын.

Бүгінгі таңда қала аумағында 28 402 онлайн бақылау-кассалық машиналары тіркелген. Олардың 8077-сі заңды тұлға және 20 325-і жеке кәсіпкерлерге тиесілі. Бүгінде барлық кәсіп иелеріне хабарлама жасалған, алайда кемшін тұсын реттемегендері де жоқ емес. Барлығы да онлайн-БКМ алмаған жағдайда 50 айлық есептік көрсеткішке дейін әкімшілік шара қолданылады

Бибігүл Ахметова – Шымкент мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы

Рейд барысында қаламыздағы 15ке жуық дүкен иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәсіп иелері онлайн-БКМ тіркелуге міндетті екенін біле тұра, қолма-қол ақшамен жұмыс жасауларын тоқтатпаған. Мәселен, қаламыздағы «Шығыс» мөлтек ауданында 2002жылдан бері өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматшалардың бірі Құралай Тұрлыбекова. Жаңашылдыққа көзқарасын айтып, алдағы уақытта ескеретінін айтады.

Құралай Тұрлыбекова- жеке кәсіпкер

Биылғы жылдың мамырынан бастап «Түбіртек талап ет-жүлдеге ие бол» және «Азаматтық бақылау-түбіртек талап ет» атты акциялар жүріп жатыр.Акциялардың басты мақсаты – азаматтық белсенділігін арттыру, көлеңкелі экономика деңгейін қысқарту және кәсіпкерлер арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандыру болып табылады. Әрбір тұтынушының «Wipon» қосымшасы арқылы фискалдық чек жіберіп, мобильдік телефонына бірлік ретінде ақша ұту мүмкіндігі бар. Сонымен қатар,барлық жолданған чектер жылдың соңында 1 млн теңгеге ие болуы мүмкін.

Назкен Скандар