Жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы 94 спорт кешендері — жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда

Шымкент қаласында 10 жоғары 37 орта арнаулы оқу орындары әрекет етеді. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 117 728 студенттер білім алуда (оның ішінде 79 443 студент — жоғары оқу орындарында, 38 285 студент -колледждерде).

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жастарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында 94 спорт кешендері студенттердің спортпен айналысуына мүмкіндік береді.

Білім беру ұйымдарында 44 комитет бар(оның ішінде  11 ЖОО-да, 33 колледждерде).

Комитеттер жанында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық ұйымдар жұмыс жасауда. Онда жастар спорттың мына түрлерінен: футбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, үстел теннисінен жаттығады.

Сонымен қатар, комитеттердің жанында «Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы», «Қазақстан студенттер Альянсы», «Пікір сайыс клубы», «Волонтерлік», «Жас Отан» ЖҚ, шығармашылық (Дефиле, актерлық шеберлік, вокал, домбыра, театр, бейнелеу, би, қолөнер), спорттық (футбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, үстел теннисі), мамандықтар бойынша (жас заңгер, жас биолог, жас химик, жас мұнайшы, жас политолог, жас техник-электрик)«ІТсаласы» т.б. ұйымдар жұмыс жасайды.

Ұйымдарға тұрақты қатысушы 32 208 жасты құрайды.