Табиғи өнімдер – денсаулық кепілі

Салауатты өмір салтын ұстану үшін дене шынықтырумен қатар, таза табиғи өнімдерді пайдаланған дұрыс. Халқымыз «Ас – адамның арқауы» деп, қашаннан тамақтануға ерекше мән берген. Адамның тамақтану рационында ет, сүт, жеміс-жидек өнімдері алғашқы орындардың бірінде тұратыны белгілі.

Дастарханымыздың әрін кіргізетін осы өнімдердің денсаулығымызға ешбір зиянсыз, сапалы болуын бәріміз қалаймыз.

Бұл  күнде  сыртқы   саудаға   шекарамыз да, есігіміз де ашық елімізге киім-кешек, азық-түлік, жемістер, цитрус және т.б. тамақ өнімдерінің басым көпшілігі өзге мемлекеттерден, яғни Қытай, Ресей және т.б. тасымалданады.

Тасымалданған өнімдердің қауіптілігі – құрамында ГМО (гендік модификацияланған организм) болуы, жарамдылық мерзімінен тыс ұзақ сақталынуда.

ГМО дегеніміз не? ГМО (генетически модификацияланған организмдер) биотехнологиялық әдістермен генетикалық құрамы өзгертілген организмдер (көбіне азықтүлік ретінде пайдаланылатын организмдер, өсімдіктер, жемістер).

Гендік модификацияланған организмдерді (ГМО) өсіру үшін бір организмнің генін басқа бір өсімдіктің немесе жануардың ДНҚ-сына енгізіп, трансгенизация жасайды. Бұл операция арқылы организмнің кейбір табиғи қасиеттері өзгертіледі. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян генін қосу нәтижесінде ешқандай жәндік жемейтін картоп түрі, қызанға солтүстік камбаласының генін қосудан аязға төзімді, үсімейтін қызан түрі, жалпы аязға төзімді, жәндіктер жемейтін, құрт түспейтін, ұзақ сақталатын, тағысын-тағы қасиеттері бар түрлер алынады.

Мысалы, АҚШ адамдар ГМО өнімдерін еркін қолданады. Аллергиямен ауыратындар саны 70% құрайды. Ал Швецияда 7%, бұл өнімдерді қолдануға тыйым салынған. Екіншіден, трансгенді өнімдерді пайдалану асқазанның сілемейлі қабатының құрылымын бұзады. Зат алмасудың бұзылып, иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Үшіншіден, ісік ауруларының көбеюіне себеп болады. Жасушаларды мутацияға ұшыратады.Төртіншіден, әйелдер мен ерлердің бедеулігі мен белсіздігіне әкеліп соғуында.

Аталған дәйектерге, сүйенсек, құрамында ГМО бар күнделікті қолданып жүрген тағамдар мен жемістердің (алма, банан, лимон және т.б.) зияны шашы етектен. Өйткені құрамында ГМО бар тағамдар мерзіміне қарамастан бұзылмайды.

ГМО – әуелі баста адамзат баласының күрт көбеюі салдарынан азық-түлік жетпей қалуы мүмкін деген жақсы ниетпен бидай, көкөністер, үй жануарларының ДНҚ құрамын өзгертіп, олардан көп өнім алуды көздеген. Десек те, қазіргі таңда ГМО экономиканың табыс көзіне айналды. Яғни, шығынсыз есеп, бұзылмайтын өнім, еркін сауда.

Әрине, гендік модификацияланған азықтүліктер – 20-ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі, бұл да инновация екендігін мойындаймыз, десек те ұлт денсаулығы мен болашақ ұрпақ тағдырын ескеретін болсақ, өз табиғи өніміміздің құны мен құрамын жоғалтпайық!

         Табиғи өнімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстанайық!

  А.С. Молдағалиева