СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫСТА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте азаматтардың сенімі қызметтің тиімділігін бағалаудың басты өлшемі болып табылады.

 Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 21 740 өтініш келіп түскен, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі (18 733) көрсеткішпен салыстырғанда, 14%-ға көп.

Өтініштер санының өсуі халықтың құқықтық сауаттылығының арттырумен, сондай-ақ азаматтармен кері байланыстың тұрақты түрде жетілдірілуімен байланысты деп санаймыз (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің БАҚ-та сөз сөйлеуі, брифингтер, жобалық кеңселердің жұмысы және басқа да алаңдарды пайдалану).

Өтініштерді қабылдаудың дәстүрлі нысандарымен қатар, Агенттіктің «Call-орталығының» жұмысы шеңберінде халықпен өзара іс-қимыл жолға қойылды.

Ағымдағы жылдың басынан 1424 Call-орталыққа 21 мыңға жуық телефон қоңырауы келіп түсті, олардың 600-і сыбайлас жемқорлық фактілері туралы.

Анықтама ретінде: 66 хабарлама – СДТБТ-да тіркелді, 18 қылмыстық іс сотқа жолданды, 11-не үкім шығарылды.

Өтініштерді қарау бойынша қызмет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық әлеуетін (оның ішінде құқық қорғау блогын, алдын алу тетіктерін және жобалық кеңселердің мүмкіндіктерін) пайдалана отырып, нәтижелілікке және азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған.

«Protecting business and investments» жобасы шеңберінде  инвестициялардың жалпы сомасы, шамамен, 960 млрд. теңгені құрайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен 166 келісімге қол қойылды. Аталған жобада бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді.

«Adal kоmek» волонтерлік жобасы шеңберінде онлайн-форматта азаматтарға олардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға бағытталған білікті құқықтық көмек көрсетіледі. Оның жұмысына тәжірибелі адвокаттар, жетекші заңгерлер қатысады. Осы жоба шеңберінде 18 мыңнан астам азамат құқықтық көмек алды.

Қабылдауларда айтылған мәселелерді шешуге көмек көрсеткені үшін бірқатар азаматтардан алғыс хаттар келіп түсті – деп хабарлайды агенттіктік баспасөз қызметі.