Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үшінші пакеті жыл соңына дейін заңды іске асырылады

Агенттік Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үшінші пакеті бойынша белсенді жұмыс жасауда. Жемқорлар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жою, шенеуніктер үшін шетелдік шоттарға тыйым салу және лауазымды тұлғалардың жекелеген санаттары үшін санкцияларды қатаңдату осы жылдың соңына дейін заңды түрде іске асырылатын болады –деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, заңсыз баю үшін жауапкершілік, кәсіби сатылмаушылықты тексеру, қоғамдық бақылау туралы заң қабылдау сынды маңызды бастамаларды енгізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы теңдессіз трансформациядан өтіп, халықаралық стандарттарға барынша жақындай түсуде.

Агенттік ауқымды алдын алу-алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Ол сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі жоюға және азаматтық қоғам институттарымен сындарлы әріптестікке негізделген.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі «Адалдық алаңы» жалпыұлттық жобасының арқасында мемлекеттік органдарды барынша ашық, айқынболуға және есеп беруге трансформациялау жүріп жатыр.

Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үшінші пакетінің аса маңызды бастамаларына агенттік төрағасы  қысқаша тоқталып өткен болатын.

Біріншіден сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту. Ең алдымен, бұл – құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға қатысты. Менің ойымша, олар заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс. Пара берушілер мен делдалдар үшін парақорлық жазасын қатаңдату мәселесі пысықталатын болады. Сотталған жемқорларға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою ең қуатты профилактикалық әсерге ие болады. Осы тәжірибенің жалғасы ретінде біз аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірнеше еселенген айыппұл қолдануды және жемқорларға колония-қоныстарда тағайындалған жазаны қайта қарауды жоюды жақтаймыз.

Екіншіден 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялар үшін шетелде банк шоттарын иеленуге тыйым салуды енгізу. Бұл бастама ел мүддесі үшін қызмет ету идеологиясы тұрғысынан ғана емес, жемқорлық капиталын шетелге шығару мүмкіндіктерін жою мақсатында да маңызды.

Үшіншіден«Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға қарсы жүйелі түрде әрекет етуге барынша кең ауқымда тартуға нақты серпін береді. Онда сан қырлы мәселелер бойынша қоғам өкілдерінің мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудің нақты тетіктері көрініс табатын болады. Антикор әзірлеген Ашық бюджеттердің интерактивті картасы мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етудің негізгі құралы болу арқылы алға қадам баспақ.

Үздік шетелдік тәжірибелер негізінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берушілерді қорғаудың кешенді жүйесін әзірлеу азаматтық қоғамды жандандырудың маңызды құралы болмақ.