САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

Шымкентте сақтық шаралары әліде басты орында. Себебі қауіпті вирусты тек санитарлық талаптарды қатаң сақтап ғана жеңуге болады. Осы мақсатта мегаполистің әр ауданынан құралған мониторинг топ өз жұмысын жалғастыруда. Бұл жолы Еңбекші ауданынан құралған мамандар Сайрам тұрғын алабында болды.

Сайрам түрғын алабында 40 мыңнан астам халық бар. Оларға 162 азық-түлік дүкені мен 2 базар, 4 ірі сауда орталығы қызмет көрсетеді. Санитариялық дәрігерлер барлық кәсіпкерлік нысан иелеріне түсініктеме жұмыстарын жүргізген. Десекте сайрамдық  саудагерлер санитарлық талаптарға селсоқ қарап отыр.

Бақыткүл Өтемісова – Шымкент қаласы  Еңбекшіаудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы

П 9432 тк 00:19 Бүгінде күнделікті мониторинг жұмыстары жалғасуда. Сайрам тұрғын алабына келіп осындағы комерциялық нысандарды аралап көрдік. Санитарлық талаптар ақсап тұр. Қарапайым ережелер сақталмай жатыр.

Рейд барысында мониторинг топ Еңбекші ауданында орналасқан Береке базарынада арнайы соқты. Бұл жердегі санитарлық жағдай өте  нашар. Санитайзер, тепловизор жоқтығы былай тұрсын тіпті бетперде тақ деген белгіде қойылмаған. Содан болар сатушылар кір мен майдан қарайған  маскаларын  мамандарды көргеннен кейін тағып жатты.

Берік Тоқсейітов – Еңбекші аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы

Бұл олқылықтарға жауапты адамды ісдегенде мына кісі базар әкімшісімін деп келді. Әкімші  барлық санитарлық талаптарды сақтап отырмызға сендіргісі келді. Десекте полиция қызметкерлері мәліметін тексерген кезде  акімші Өзбекстан республикасының азаматы болып шыға келді. Сөйтсек бұл базарда санитарлық талаптар   ғана емес  басқада заң талаптары бұзылып жатқан сыңайлы.

К. Дүйсенбі