Карантин кезінде бюджетке 1 трлн. 100 млрд. теңге түспей қалған

Мұнай мен металл бағасының құлдырауынан Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі кіріс 44 пайызға азайған. Бұл туралы бүгін еліміздің мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы мәлімдеді.

Марат Сұлтанғазиев сөзінше бұдан бөлек кірістің азаюына бизнес өкілдерінің салықтан босатылуы да себеп болған. Айта кетейік, енгізілген карантин режимі мен төтенше жағдайға байланысты биыл бюджетке 1 триллион 100 млрд. теңге салық түспеген.

Марат Сұлтанғазиев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы: «9 айдың қорытындысы бойынша, есеп бойынша 1 трлн. 100 млрд. теңге түспей қалған. Былтырғы жылмен салыстырғанда. Бизнеске көмек осы уақытта салықтық жеңілдік берілгеннің арқасында 1,5 трлн-ға дейін есептеледі».

Назерке Үкібасова