Жоғары оқу орындарында тау-кен металлургия кешені секторларында қажет мамандықтар бойынша оқыту басталады

Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек нарығын өзгертетін негізгі технологиялық трендтер мен технологиялар талданатын Жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктер атласы әзірленіп жатыр. Атластың негізгі ақпараты кәсіптің 3 санатын анықтауға бағытталады: жаңа, өзгеретін және жойылатын кәсіптер. Естеріңізге сала кетейік, Атлас экономиканың 9 басым саласы негізінде құрылған: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, АКТ, энергетика, туризм және құрылыс.

Қазіргі аралық нәтижелер бойынша «BTS Education» атласы шеңберінде ТМК секторларында сұранысқа ие жаңа мамандықтар тізімі құрылды.

ЖОО осы кәсіптерді оқу бағдарламасына енгізу мүмкіндігін пысықтауда және бүгінгі күні келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

— Үш ЖОО жаңа мамандықтарды енгізу аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды (О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті);

— 9 университет жаңа мамандықтарға оқытуға келісім берді.

Осы бағыттағы жұмыс белсенді жалғастырылады. Елбасының тапсырмасына сәйкес өнеркәсіпті цифрландыру және Индустрия 4.0 көшу бойынша жұмыс. Ал осы бағыт мұнда барлық нәтиженің маңызды бөлігі саналады.