Елімізде заңмен тыйым салынған діни экстремистік ұйымдар

Әл-Қағида (Әл-Қаида, Аль-Каида, араб.: القاعدة‎‎‎, al-qāʿidah —«негіз», «қағида», «фундамент») — ең ірі халықаралық ультрарадикалды лаңкестік ұйымдардың бірі.

Әл-Қағида 1988 жылы құрылды. Бастапқыда бұл топты АҚШ-ң Құпия барлау қызметі Кеңес одағына қарсы күрес үшін құрған. 

КСРО әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін Әл-Қағида өз күресін АҚШ-қа, Батыс әлемінің басқа да елдеріне және Ислам әлеміндегі олардың жақтастарына бағыттады.

Ұйымның мақсаты — Ислам елдеріндегі зайырлы үкіметтерді құлатып, «Ислам халифатын» құру болып табылады.

1998 жылы Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшіліктеріндегі жарылыстарданкейін, Әл-Қағида әлемдегі №1 лаңкестік ұйым атағын иемденді.

Әл-Қағида бірқатар лаңкестік актілерді жоспарлау мен орындауды өз мойнына алды, оның ішінде 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілер бар.

11 қыркүйектегі Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына шабуылдан кейін басталған және Әл-Қағиданың әрекеттерімен және оларды тоқтату шараларымен байланыстыо қиғалар тізбегі «Лаңкестікке қарсы соғыс» деген атаумен белгілі.

Атақты террорлық ұйымды 2011 жылы 2 мамырда қаза тапқанға дейін Усама бен Ладен басқарып келген. 

Inspire журналын «Әл-Каида» 2010 жылдан бері шығарып келеді. Онда материалдар ағылшын тілінде жазылады. Журналда «Анаңның асханасында жарылғыш зат жаса» деген сияқты мақалаларымен белгілі. Бостондағы терактіні ұйымдастырушылардың бірі Джохар Царнаев тергеу кезінде ағасы Тамерлан менбірге дәл осы журналдағы онлайн-нұсқаулық бойынша жарылғыш затты дайындағанын айтып берген еді. АҚШ-та Inspire журналы экстремистік басылым деп танылды.

Содырлардың жетекшілері хат алмасу кезінде құпияны сақтауға тырысады. Олар құжаттарды флэш-дискіге жүктейді, оны адресат, Завахири, арнайы курьер алып жүреді.

Байланыс орнатылғаннан кейін серіктестік шарттарын әзірлеу жұмыстары басталады.

Диалог идеологиялық сұрақтардан басталады. Содан кейін жоспарланған шабуылдардың орындылығы және әртүрлі әскери топтардың мамандануы талқыланады, егер тараптар бір-біріне риза болса, Завахири бұл топтың «Аль-Каида» құрамына кіргенін ресми түрде жариялайды.

«Аль-Каида» өз қатарына жаңа мүшелерді тартуды және қабылдауды жалғастыра отырып, ұйымның сапасы, оның ауқымы, сондай-ақ батысқа бұл қауіптен құтылу қаншалықты қиын болатындығы туралы айтады.