ЕЛІМІЗДЕГІ КЕРЕҒАР ДІНИ ЖАТ АҒЫМДАР

«Шығыс Түркістан исламдық қозғалыс» діни экстремизм идеологиясын таратушы.

1996 жылы Түркияда құрылған. Құрушы – сепаристік қозғалыстың көсемі Айсан Махсум (шын есімі Хасан Джундулла).

Мақсаты – Қытайды террористік әдіспен қирату, Шыңжан аумағында біріккен «ШығысТүркістан исламдық мемлекетін» құру.

Ұйым мүшелері сепаратистік идеяларды насихаттаумен, қарулар мен жарылғыш заттарды сатып алумен, жаңа мүшелерді өз қатарына тартып және оларды халықаралық террористік ұйымдардың лагерлерінде оқытумен, өте қатыгез содырлық актілер істеп, азаматтарды өлтірумен айналысады.