Діни қауіпсіздік – мемлекеттің айрықша назарында

Елімізде экстремистік және террорлық әрекеттерге қарсы пәрменді жұмыстар жүргізуге арналған тиісті заңнамалық актілер мен институционалдық тетіктер жасақталып, мүдделі мемлекеттік органдар өз құзіреттеріне сәйкес сол бағытта іс-шараларды жүзеге асырып келеді.

Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар діни радикализм, экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» шеңберінде мемлекеттік органдармен бірлескен кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда.

Еліміздің кең жұртшылығы арасында ұзақ жылдар бойы жүргізіліп отырған ауқымды ақпараттық,  ағартушылық, түсіндіру жұмыстарының арқасында  теріс діни ағымдардың аражігін ажыратата алатын және діни радикализм мен экстремизмді қабылдамайтын сана қалыптаса бастады десек артық емес.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағында тиым салынған террористік құрылымдардың ұлттық тізіміне келесі шетелдік ұйымдар енгізілген: 

І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1. «Аль-Каида»

2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»

3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»

4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»). 

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

5. «Асбат аль-Ансар»

6. «Братья-мусульмане»

7. «Талибан» қозғалысы

8. «Боз гурд»

9. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер»

10. «Лашкар-е-Тайба»

11. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы».

ІІІ. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

12. «Хизб-ут — Тахрир» ұйымы

ІV. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

13. «АУМ Синрикё»

14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»

V. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

15. «Түркістан ислам партиясы».

VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:

16. «Джунд-аль-Халифат»

VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:

17. РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»

VIII. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:

18. «Таблиги джамагат»

IX. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:

19. «Ат-такфир уаль-хиджра»

X.  Нұр-Сұлтан қаласы есіл ауданы сотының 2015 жылдың 15 қазан айында қабылданған шешіміне сәйкес:

20. «Ислам мемлекеті» (ДАИШ)

21. «Ан-Нусра фронты»

22. «Йакын Инкар» Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы сотының 2018 жылғы 10 қазандағы шешіміне сәйкес экстремистік ұйым болып табылды.