Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері қаралды

Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт клубы діни экстремизм мен терроризмге қарсы шаралар жөнінде талқылау өткізіді.

Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Ол кез-келген қоғам мен мемлекетке тән.

Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде эксперттер мыналарды ұсынады: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сұру деңгейінің кұрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабілеті жетпеу; саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы; биліктегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі; лидерлердің саяси амбициялары және т.б 

Қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің кез келген көріністеріне және біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қарсы қатаң әрі дәйекті қарсы тұру қаралды.

Қазақстан Республикасының басқару тәртіптері мемлекетіміздің Ата Заңы Конституцияда белгіленгендіктен ол талаптар қоғамның әрбір мүшесі тарапынан орындалуы тиіс. Дін әуелі әлемдік және дәстүрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін дамытудың күшті факторы болып табылады.

Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады. Қазіргі әлемнің, оның ішіңде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылык құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін және әр түрлі саяси құрылымдарды, сан алуан этностар мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырамыз.

Қазақстан Республикасының Конституция сында ар-ождан бостандығы мен діни бостандықтың принциптері, әр түрлі конфессияларға жататын азаматтардың өздерінің діни бірлестіктерін құруға тең құқылығы, мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігі туралы принциптер бекітілген.

Сондай-ақ діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер дайындалып шығарылды. Қазақстандағы қандай да болмасын діни бірлестіктіктердің қызмет етуінің нормативтік құқықтық негізі белгілі дәрежеде әзірлен гендігіне қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рольі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған.

Осы еліміздегі белгісіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа тенденцияларға байланысты анық та, айқын аңғарылуда. Бұл, әрине, әсіресе дін мен діни сананың күдік туғызатын діни-рухани нормалары мен догмаларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың елімізде еркін қызмет жасауының көрінісі. Мұндай әсірешіл нышандар діни фундаментализм мен діни экстремизм ретінде көрініс табуы әбден мүмкін.

Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт клубы