Діни сенім бостандығы мəселелері жөніндегі жұмыс сараптау тобының үшінші отырысы

Онлайн форматта Діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі Қазақстан-американ жұмыс сараптау тобының үшінші отырысы өтті.

Қазақстан делегациясын Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Америка жағынан АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық діни бостандық жөніндегі арнайы елшісі Сэм Браунбэк басқарды.

Отырыс барысында халықаралық діни сенім бостандығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ діни бірлестіктердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу нәтижелі талқыланды.

Бұдан басқа, бұған дейін қабылданған «Қазақстанда діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы ұсыныстар мен ұсынымдарды іске асыру жөніндегі Жол картасын» жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

АҚШ делегациясы біздің мемлекеттегі діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы оң динамиканы жоғары бағалады.

Тараптар Жұмыс сараптау тобының төртінші отырысын 2021 жылы өткізуге келісті.