БЕЙНЕ БАҚЫЛАУ АРҚЫЛЫ 200 ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫС АШЫЛҒАН

Шымкентте Бейнебақылау камералары арқылы жыл басынан бері 200-ден аса қылмыс ашылған. Полиция департаментінің мамандары көрсеткен мәліметбойынша биылғы жылыжедел басқару орталығының «102» арнасына –323 мың 150 түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынып, оның 133 мың 405-і тіркеуге алынған.

Жедел басқару орталығына қарасты сыртқы бейнекамералардың көмегімен ағымдағы жылдың 10 айында  215 қылмыс  ашылған. Оның ішінде: 13 – тонау фактісі тіркелген, бұзақылық бойынша – 27 жағдай орын алған, автокөлікті заңсыз иеленудің – 6 оқиғасы орын алыпты. Сондай-ақ, ұрлықтың – 107 және басқада қылмыстар бойынша – 62 факт тіркелген.Бейнекамераның көмегімен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша – 39 мың 434 жайт анықталған.

Сондай-ақ  ағымдағы жылдың 16 мен 20-қараша күндері Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы  қала аумағында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.  Мақсат — есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналым жолын кесу, олардың контрабандасы мен экспорты, сондай-ақ бақыланатын заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу.

Ө. Мырзабек