БАС МУФТИ КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГТЕ БАЯНДАДЫ

Әлемдік пандемияға байланысты наурыз айынан бастап ҚМДБ имамдары, ғалым-ұстаздары онлайн насихат жұмыстарына көшкен — бұл жөнінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кеңінен мәлімдеді.

«Елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап, имамдарымыз бен дін жолындағы ғалымдарымыз әлеуметтік желілерде күніне 3 рет тікелей эфирде уағыз айтып, халықтың сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келген.

Сәуір, мамыр, маусым айларында өңірлерде әлеуметтік желілер мен YouTube арнасы арқылы 1 500-ден астам уағыз айтылған.

Мүфтият қарасты мекемелер: «Мұнара» діни-танымдық газеті, Hikmet TV теле-радио студиясы, республикалық және аймақтық 22 діни сайт, тәулік бойы екі тілде ақпарат беретін республикалық Call-орталық (33-30-30) арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келген.