Қазіргі таңда әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және экологиялық қолайсыздық бүкіл өркениетті әлем үшін көкейкесті мәселе болып отырғаны баршамызға аян. Жалпы, әлемде өлімнің 60 пайызынан астамы дұрыс тамақтанбау және салауатты өмір салтын ұстанбау әсерінен орын алуда.
Дені сау ұрпақ қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі көше спортын дамыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлуде. Мұндағы негізгі мақсат — халықтың басым бөлігін бұқаралық спортқа тарту арқылы қала тұрғынадыр арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Бүгінде көше спортына қызығушылар қатары күн санап артып келеді. Қаланың әрбір бөлігінен ашылған алаңшаларда, қала тұрғындары тұрақты түрде жаттығып, салауатты өмір салтын ұстануда.
Осы орайда, көше спортшыларын ынталандыру мақсатында жыл басында ХІІІ LEGION Cалауатты өмір салтын қалыптастыру қоғамдық бірлестігімен жастар арасында түрлі байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар Республикалық жарыстарға жолдама алды.
Бауқаудың басты мақсаты — болашағымыздың жарқын болуы үшін салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға жастарды шақыру дейді – ХІІІ LEGION Cалауатты өмір салтын қалыптастыру қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Сонымен қатар, бірлестік тарапынан жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жыл сайын Шымкент қаласында Варкаут фестивалі өтуде, оған қаланың кез-келген тұрғыны, жасына, жынысына қарамастан қатыса алады.