Ә. САСБҰҚАЕВТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Тау алыстаған сайын биіктейді. Белгілі қоғам қайраткері, еңбек және соғыс ардагері Әділ Сасбұқаевты білмейтін жан жоқ шығар. Саналы ғұмырын елдің өсіп-өркендеуіне жұмсап, зор беделге ие болған азаматтың құрметіне Шымкентте ескерткіш ашылды. Тау тұлғаға арналған монумент Әділ Сасбұқаевтың өз есімі берілген көшеге орнатылды.

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы  әкімінің бірінші орынбасары

Ұйымдасты­рушылық қабілет-қарымы біліктілігі мен іскерлігіне астасқан жан ұзақ жыл партия, кеңес ор­гандарында басшылық қызметтер атқарды. Әділ Сасбұқаев қай салада болсын халқына адал қызмет етті. Сонысымен ел есінде, көпшілік көкейінде жатталып қалды.

Досыбай Шерімқұлов – қоғам  қайраткері

Орынбай Рахманбердиев — қоғам  қайраткері

Шараға қоғам қайраткерінің көзін көрген қызметтестері мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Ұлт тағдырын, халық қамын ойлаған тұлғаның ұл-қызы, немере-шөберелері ата есімінің ұлықталғанына дән разы.

Нұрсайын Әділ – Ә. Сасбұқаевтың немересі

Туған еліне қалтқысыз қызмет ету — Әде­кеңнің асыл мұраты болды. Арман орындалды. Мақсат жүзеге асты. Тектілік тұғырынан таймаған тұлғаның есімі мәңгі ел есінде. Тағлым түйер шараға келгендер осыны ұқты.

Г. Қалмырзақызы