ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ТРЕНИНГ ӨТТІ

Шымкент қаласында жүкті әйелдерге арналған арнайы тренинг өтті. Іс-шарада аяғы ауыр нәзік жандыларға босанғанға дейінгі күтім жайлы әдістер үйретілді. Аталған тренингтің өтуіне «Мама подиум» балаларға арналған киімдер дүкені ұйытқы болды. Жиын соңында тренингке қатысқандарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Сәби сүйіп ана атану жауапты іс. Шара барысында жас аналарға сәби күтімі жайлы тың ақпарттар айтылды. Тренинг соңында  қаладағы танымал дәрігерлер жүкті әйелдерге босанудың оңай жолдарын үйретті. Яғни ақ халаттылар  аяғы ауыр әйелдерге арнайы  жаттығулар көрсетіп, және дұрыс тыныс алудың маңызды екендігін ескертті.

ГҮЛБАНУ ИМАНАЛИЕВА -жас кәсіпкер

Бүгінде жас кәсіпкер  Гүлбану  Қайратқызының шаһарда 2 бірдей дүкені бар.  Мұнда жаңадан туылған нәрестеден бастап 8 жасқа дейінгі балаларға арналған киімдер сатылады.

НАЗЕРКЕ БАҚТИЯРҚЫЗЫ-қала тұрғыны

Аталмыш дүкенде тауарға деген сұраныс жоғары. Өйткені, мұнда тек сапалы киімдер сатылады. Арнайы Ресейден, Түркия мемлекетінен және отандық өнімдердің де түр-түрі бар. Кәсіпкер ендігі кезекте Түркістан және Тараз қалаларынан дәл осындай дүкен ашуды жоспарлап отыр.

Айдана Қуанышқызы