Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Адалдық алаңы» жалпыреспубликалық жемқорлыққа қарсы жобасын іске асырып отыр.
Жобаның мақсаты-тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту. Оған қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың ашықтығын, жариялығын, шынайылығын арттыру және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Жобаның ерекшелігі — азаматтық қоғамның оны іске асыруға жаппай қатысуы. Жергілікті жерлерде жобаны тікелей іске асыру «Адалдық алаңы»өңірлік жобалық кеңселеріне жүктелген.
«Адал алаңы» жобалық кеңселері Қазақстанның барлық өңірлерінде, сондай-ақ министрліктерде іске асырылуда.