Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев резервтерді тауып, аймақтық деңгейде бұқаралық спорт пен дене шынықтыру тәрбиесінің қол жетімділігін арттыру керектігін атап өтті, сонымен қатар Үкімет пен әкімдерге фитнес-орталық салуды тапсырды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына сәйкес 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын спорттық нысандарға қол жетімділігі қамтамасыз етілді.
Бұдан басқа, уәкілетті орталық мемлекеттік органдарға дене шынықтыру мен спортты насихаттаудың кешенді ұлттық стратегияларын әзірлеу және іске асыруға назар аударуды жалғастыру ұсыныстары енгізілді.
Оның ішінде салауатты және қауіпсіз өмір сүру үшін жағдайларды және тең мүмкіндіктерді жақсарту, соның ішінде дене белсенділігі мен спортты насихаттау үшін салааралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері де бар.
Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалуда.
Шымкент қаласында мемлекеттік меншіктегі 31 спорт мекемелері жұмыс жасайды. Осы мекемелерде 1152 жаттықтырушы 18796 спортшымен жұмыс жүргізуде.
Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді.
1 қарашадан бастап Шымкент қаласының аллеяларында жаппай спорттық жаттығулар ұйымдастырылуда. Уақыты таңғы 07.30-да және кешкі 18.30-ға белгіленген. Халық көп жиналатын спорт алаңдары ретінде Абай саябағы, Металлургшілер саябағы, Отбасы аллеясы, Қошқар-Ата жағалауы, Тәуелсіздік саябағы, Орталық саябағы, Жеңіс саябағы, Дендросаябақ, Нұрсат шағын ауданындағы аллеясы және Қажымұқан атындағы Орталық стадион таңдалған.