Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Көрме орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне «Терроризмге қарсы іс қимыл» заңын түсіндіру туралы жиналысы өтті.
Жиналыста ара-қашықтықтық сақталып, карантиндік талаптар қатаң сақталып өтті.
Мекеме директор орынбасары Ғ.Нажмеденов бүгінгі таңда терроризм алдымен халықаралық, әлем қоғамдастығы үшін басты қатердің бірі екендігі, қалай болғандада да әлемнің барлық мемлекеттері осы мәселемен қақтығысатынын атап кетті. Соңғы он жыл ішінде діни ағымдар олармен байланысы бар экстремистік құбылыстар туралы естиміз. Осы бағытта әр түрлі экстремистік және террористтік ұйымдар пайда болып, жахандық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп төндіруде. Бұл мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылғы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда деп Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі №416-1 Заңын толығымен түсіндіріліп өтті.
Сонымен қатар, МКҚК-ның шаруашылық меңгерушісі Н.Имантаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында мекеменің атқаратын жұмыстарына нақты тоқталып, өз әріптестерін қоғаммен бірге күресуге шақырды.
«Көрме орталығы» МКҚК қызметкерлеріне «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңын толығымен түсіндіріліп жиналыс жоғары деңгейде өтті.