Ақпараттық жұмыстың басым бағыты — сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ANTIKOR.LIVE онлайн эфирінде Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша қабылданған кешенді шаралар туралы сұхбат берді.

Біздің мақсатымыз — халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әрбір қала тұрғынына  жеткізу арқылы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету – деп баяндады басқарма басшысы Ж.Бектаева.

Осы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мақсатында қаламыздағы БАҚ, этномәдени бірлестіктер, ҮЕҰ, саяси партиялар, азаматтық қоғам мен қоғамдық ұйымдар, жастармен қатар, «Ақпараттық Коммуникациялық орталық», «Жастар ресурстық орталығы», «Қоғамдық келісім» КММ мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі тұрақты тартылуда.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес басқарма тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жылғы жоспарларына басқарма басшысы жеке-жеке тоқталып өтті.

Сонымен қатар, басқарма басшысы бұл жобалардың барлығы билік пен қоғам арасында қоғамдық диалог, ашықтық, халықпен кері байланыс орнату үшін қолға алынған шаралар екендігін жеткізді.