Шымкентте «Nur Otan» партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының бастамасымен жоғары оқу орындарындағы жатақханаларға мониторинг жүргізілді. Шараның мақсаты – студенттер үйінің жай-күйімен танысып, олардың қандай жағдайда тұрып жатқандығына көз жеткізу. Мониторинг мүшелерімен бірге жатақханаларды бағамдап қайтқан тілшіміз толықтырады.
Мобильді топ алдымен Silkway халықаралық университетіне қарасты студенттер үйіне тоқталды. Ғимарат 2018 жылы бой көтеріп, 500 орынға арналып жасақталған. Қазір карантин кезеңіне байланысты студенттердің барлығы да қашықтықтан білім алуда. Сәйкесінше, жатақхана да бос тұр.
кадр/біздің студенттер қашықтықтан оқып жатыр. Шетелдік студенттеріміз де өз елінде. Тек кейбір студенттер келіп, компьютер мен интернет желісін пайдаланады.
Жатақханада студенттерге барлық жағдай жасалғаны байқалады. Компьютер класстары, оқу залы, уай-фай, асхана, жуынатын бөлме. Бәрі бар. Тексеруші топ айтарлықтай ақау жоқ, — деді өз сөздерінде. Тек төтеншеліктер электр қуатын пайдалануда абай болуды ескертті.
Мағжан Исахов — «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің 5 жатақханасы да 500 студентке арналған. Қазіргі таңда мұнда шетелдік және алыс аймақтарда тұратын 150- ден астам студент қоныстанған. Олар жатақхана өз көңілдерінен шығатындығын айтады.
Альбина Сабдуллаева — М.Әуезов атындағы ОҚУ студенті
Мониторинг топ мүшелері де аталмыш жатақхана талаптарға сай деп баға берді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да бұл істің бірізді жалғасын табатындығын айтты. Қаламызда орналасқан ЖОО-ның барлық студенттер үйіне мониторинг жүргізілмек.
Перизат Ортай