Шымкент қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шаралардың нәтижесінде қала спортшылары жыл басынан бері ел чемпионаттары мен түрлі халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге қол жеткізген.
Онымен қоса, Шымкент шаһарында спорттық инфрақұрылымды дамыту, бұқаралық спортты насихаттауда жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Жыл басынан бері қала спортшылары ҚР чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 112 алтын, 96 күміс, 92 қола медаль жеңіп алған.
Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 2 күміс, 3 қола медальге қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 қола медальге ие болды.
Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 7 «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 52 «Қазақстан Республикасының спорт шебері», 104 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
⠀Бүгінде 2021 жылғы ХХХІІ-Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әзірге қала спортшыларының қоржынында 4 Олимпиада жолдамасы бар. Халықты салауатты өмір салты мен дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді.