Шымкентте жастар арасында 294 мың адам денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, өткен 2019 жылдың маусым айының соңында Қазақстанда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысып, салауатты өмір салтын ұстанушылар саны 5 558 042 адамды құрады.

Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 82 мыңға көп. Салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар санының ең көп өсуі Түркістан облыстарында (12 221 адамға), сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында (11 699 адамға) байқалады.

Шымкент қаласы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдардың жалпы саны 294 мың адамды құрады.

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалуда.

Сонымен қатар, қалада халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында барлық қажетті жағдайлар жасалуда.

Көп қабатты үйердің аулаларында соңғы үлгідегі спорттық алаңшалар салынып,  одан бөлек, қалада 856 спорттық нысандар жұмыс жасауда.

Аталған нысандардың барлығы дені сау мықты жастар тәрбиелеуге бағытталған.