Қазақстан Республикасы «Ақпараттық және қоғамдық даму» министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топ мүшелелерін даярлау және қайта даярлау бойынша Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне Қазақстан Республикасындағы «Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырумен оқыту курсы өткізілді.
Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу.
Онлайн курсқа қатысушыларға теолог, дінтанушы, исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры – Сабдин Асқар Калимжанович;. ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры – Абзелбаев Мұрат Назтаевич; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ққ президенті – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филос.ғ.д., профессоры, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі– Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы сынды білікті ғалымдар онлайн дәріс өткізді.
Оқыту курсы қорытындысы бойынша «Дін мәселелері бойынша ақпараттық – түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау» тақырыбы оқыту курсына қатысушыларға PRE-POST сауалнамасы жүргізілді.
Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.