Шымкент қаласында АТТ мүшелеріне арналған онлайн оқыту курсы өтті

Қазақстан Республикасы «Ақпараттық және қоғамдық даму» министрлігі  Дін істері комитетінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топ мүшелелерін даярлау және қайта даярлау бойынша Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне Қазақстан Республикасындағы «Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырумен оқыту курсы өткізілді.

Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу. 

Онлайн курсқа қатысушыларға теолог, дінтанушы, исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры  –  Сабдин Асқар Калимжанович;. ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры  –  Абзелбаев  Мұрат Назтаевич; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және  экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ққ президенті – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филос.ғ.д., профессоры, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі– Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы сынды білікті ғалымдар онлайн дәріс өткізді. 

Оқыту курсы қорытындысы бойынша «Дін мәселелері бойынша ақпараттық – түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау» тақырыбы оқыту курсына қатысушыларға PRE-POST сауалнамасы жүргізілді.

Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.