Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменттің қызметкерлері мен қалалық ақпараттық-ағартушылық топтың мүшесі Қорғаныс министрлігі «Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Шымкент филиалының ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу мақсатында кездесу өткізді.
Шараға Департаменттің аға-офицері С.Әсілбек, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшесі Е.Бекбосынов және аталған мекеменің ұжымы қатысты.
Шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Агенттік тарапынан жүзеге асырылып отырған жобалар таныстырылды.
Сонымен қатар, бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігі хабарланып, әркім өзінің қолындағы барын, отбасын, үйін, жұмысын, еркіндігін бағалай білуі керектігі айтылды.
Жиынға қатысушылар адалдық, ашықтық, парасаттылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби атқару қажеттігіне тоқталды.
Шара барысында Агенттіктің «1424» Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді, шағымдар, өтініштер, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, сыбайлас жемқорлық фактілеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына шұғыл әрекет ететіндігі хабарланды.