Шымкентте «Имандылық — инабаттылық айнасы» тақырыбында дін өкілдерімен кездесу өтті

Үстіміздегі жылдың 20 қарашасында Шымкент қаласы мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Көрме орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Имандылық – инабаттылық айнасы» тақырыбында руханият өкілдерімен кездесу өтті.

Аталған іс-шарада жазушы, журналист Айдарбекова Күлия Смайылқызы, Шымкент қаласы Абай ауданы «Темірші ата» мешітінің бас имамы Қалшабеков Ербол Тастанбекұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның дінтанушы мамандары Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы, Уралбаев Айдос Ералыұлы қатысты.

Кездесу барысында адамгершілік іззеттілік, имандылық, құндылықтары айтылды.

Жастардың не себепті әртүрлі дестуктивті діни ағымдарға бет бұрып жатқандығы түсіндірілді.

Әлеуметтік желілерді қолдану барысында өте мұқият болу керектігі айтып өтілді.

Сондай-ақ, деструктивті ағымдардың жетегінде кетіп қалмаудың жолдары көрсетілді.

Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап қайтарылды.