ШЫМКЕНТ: ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Шымкентте «TOLEM» жүйесі жұмысын бастады. Тұрғындар қоғамдық көліктерде электронды картамен есеп айырысуда. Жаңа жүйенің тиімді тұсы қандай? Оны тұрғындар қалай қабылдауда?

Жолақысы картамен бұрынғысынша 70 теңге. Ал, жол картасы жоқ жолаушылар үшін қолма қол төлем 100 теңге болды. Қазіргі таңда қаладағы автобустардың барлығына төлем жасау қондырғылары орнатылған. Ескі және шағын қоғамдық көліктерге мобильді валидаторлар берілді.

Ернұр Бөбеев – тілші

Коғамдық көлікті пайдалану үшін енді сізге мынадай карта қажет. Бұны халыққа қызмет көрсету орталықтарынан және қаламыздың ірі сауда орталықтарынан алуға болады. Бұрынғыдай ұсақ ақша немесе майда тиын іздеп отырудың қажеті жоқ.

Электронды билет жүйесі әр маршруттың, компаниялардың табысы мен шығынын айқындайды. Көлік мекемелері табысын айқындау арқылы несие алуы да қолжетімді болмақ. Тағы бір ерекшелігі, төлемнің әртараптандырылуында, — дейді сала мамандары. ҰОС және тыл ардагерлері, мүгедектер, Батыр ана, Алтын алқа мен Күміс алқа иелері бұрынғысынша жолда тегін қатынайды. Ал, студенттер мен оқушыларға жеңілдетілген арнайы карта беріледі. Басқалары стандартты «Төлем» картасымен төлем жасайды.

Ерлан Нұрланұлы – «QAZSMARTTRANS» ЖШС директорының орынбасары

Жаңа жүйенің тиімді тұсы көп. Мәселен, дәл осы «Төлем» аппараты арқылы автобусқа бір күнде қанша жолаушы мінгенін анықтауға болады. Тұтынушылар саны көп болса, тиісінше, маршруттар санының арту мүмкіндігі де қарастырылады. Бүгінде  «Төлемге» оң қабақ танытқан тұрғындар қатары артқан. Аз уақыт ішінде тиімділігін түсініп үлгергендер бар.

Блиц-сауалнама: тұрғындар:картамен жолақысын төлеген өте тиімді.


Жаңа жүйені жатырқамай қабылдау қала тұрғындары үшін өте тиімді. Мұны әрбір адам мегаполисіміздің көркеюіне қосқан үлесіміз деп білгендері жөн, -дейді ұйымдастырушылар. Алдағы уақытта халық «Төлемге» дағдыланып, электронды жүйе қалыпты үрдіске айналады деп ойлаймыз.