Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналып отыр. Елдің ертеңі үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түбімен жоюымыз қажет.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, жұртшылық бойында жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру.
Жалпы сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Заңға сәйкес іс әрекетке қайшы іс қимылдар жасап пара беріп немесе пара алып ұсталынған мемлекеттік қызметшілер, әсіресе лауазымды тұлғалардың қарасы таусылар емес.
Мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден аулақ болғаны абзал. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлық деңгейінің төмендеуіне кері әсерін тигізеді. Дегенімен де бұл қиындықтар ата-бабаларымыз жасаған ерліктің алдында түкке тұрмайтын қиындық деп білемін. Ата — бабаларымыз туған жеріміз үшін, келешек ұрпағымыз үшін деп күрескен. Ал біз жемқорлық үшін күресуіміз керек. Өзімізден кейінгі ұрпақты сыбайлас жемқорлықтан аман алып қалып, болашаққа жемқорлықсыз жарқын өмір сыйлауымыз керек. Адал еңбек қана берекетті. Адал ризық — несібе ғана адамды жақсылық пен бақытты болашаққа жетелейді.
Осы тұрғыда Абай бабамыз: «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» деп, малды адал жолмен тапса ғана берекетті, жұғымды болатындығын айтып өткен. Пара мен дүниеге қызықпай, тура жолмен жүргенде ғана өмірің мағыналы, халықтың алдында қызметің мен беделің жоғары болатындығы анық көрініс.
Президенттің Жолдауында көрсетілгендей сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жүргізулерін және осы сыбайласқа негіз болатын іс-әрекеттер, себептер, мемлекеттік қызметтердің электронды форматқа көшірілуі біршама тосқауыл қоюы анық. Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауына орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына әрекет ету барша азаматтың басты міндеті болып табылады.
Шымкент қаласы әкімі
аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишев