Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 мамырдағы N 31 Заңымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы ратификацияланған.
Аталған Конвенциясы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-әрекеттің саясатын мен практикасын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі орган немесе органдарын, жариялы секторын, жария лауазымды тұлғалардың мінез-құлық кодексін, жариялы сатып алулар мен жариялы қаржыларды басқаруын, жария есептілігін, сот органдары мен прокуратура органдарына қатысты шараларын, қоғамның қатысуын, ақша қаражаттарын жылыстатудың алдын алу жөніндегі шараларын қамтиды.
2003 жылғы 31 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы мынадай мәлімдемелермен және ескертпемен ратификацияланады:
1) Конвенцияның 44-бабы 6-тармағының а) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияны адам ұстап беру мәселелерінде Конвенцияға басқа қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастық үшін құқықтық негіз ретінде пайдаланады;
2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, Конвенцияның 46-бабының 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына жіберілетін құқықтық көмек туралы өтініштер және оған қоса берілетін материалдардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармалары да болуға тиіс;
3) Конвенцияның 66-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін Конвенцияның 66-бабы 2-тармағының ережелеріне байланысты деп есептемейді.