Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар енгізілген

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығымен Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілген болатын.

Осы Тұжырымдамада сыбайлас жемқорлықтың өрістеуіне жол бермейтін бірқатар іс-қимыл әрекеттері қамтылған.

Атап айтқанда, институционалдық даму саласында құқық үстемдігі қағидатын сақтауға, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлықтың өрістеуіне байланысты проблемалар сақталып отырғаны, мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігі мен ашықтығы жеткіліксіз екндігі көрсетілген.

Бизнес пен кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайларды, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуді, сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ барлық деңгейлерде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру қарастырылған.

Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруіне жинақы әрі кәсіби үкімет құру ықпал ететін болады. Мемлекеттік басқару жүйесі тиімділігінің және сыбайлас жемқорлық деңгейінің халықаралық рейтингтері бойынша Қазақстан әлем елдерінің 30-дығына кіреді.

Қазақстанда институционалдық ортаны жетілдіру жеке бастаманы дамыту үшін жағдай жасауға, сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейін қамтамасыз етуге және экономикалық әрі саяси өзгерістердің үйлесімді қабысуына бағытталатын болады. Осы бағытты дамыту мынадай міндеттерді шешуді көздейді.

Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында бірқатар бағдарламалық құжаттар, оның ішінде Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту бағдарламасы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы түйінді ұсынымдары ескерілетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру жөніндегі жоспар қабылданады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктерін енгізу мүмкіндігі, оның ішінде шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың және жекеше сектордың лауазымды адамдарына тікелей және жанама пара беріп олармен ымыраласқаны, сондай-ақ заңсыз кірістерді заңдастырғаны үшін жауапкершілікті енгізу қаралады.

Табыстар мен шығыстарды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату саласындағы тиімді саясат ұзақ мерзімді перспективада сыбайлас жемқорлықты түбірімен жоюға ықпал етеді.