Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың ағымдағы жылғы 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау мақсатында агенттік ведомствоның жеке құрамымен және консультативтік-кеңесші органдарының өкілдерімен кеңес өткізді – деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Кеңестің күн тәртібі – Президент превенцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіледі.
Кеңесте түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен шарттарына сапалы талдау жүргізу қажеттілігі туралы баса айтылды. Ол үшін заңда мемлекеттік органдардың тәуекелдерді өздігінен анықтау мен жоюға арналған қажетті құралдар бар. Табысқа жету үшін олардың заңнамадағы оқылықтарды жою бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыруға жоғары қызығушылығы қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы лайықты бастамалары жоқ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың енжар басшылары туралы Агенттік Президентті хабардар ететін болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы жемқорлықпен күресушілердің назарын дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуге аударды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін әрі қарай күшейту аясында Антикор қоғамдық бақылаудың жаңа үлгісін әзірлейді.
Агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлықпен күресушілер қатарының тазалығы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне қисынсыз араласу фактілерін болдырмау мәселелеріне жеке тоқталды.
Халықтың әл-ауқатын арттыру бизнестің табысты жұмысына тікелей байланысты.
Сондықтан Агенттік бизнесті қорғау мәселелеріне ерекше ден қойған. Осы бағытта Агенттікте «Protecting business and investments» жобасы жүзеге асырылуда. Бұдан былай оның қызметі жандана түседі.
Сонымен қоса Президенттің тапсырмаларын орындау аясында парасаттылық идеологиясын қоғамды белсенді тартумен қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Агенттік төрағасы нақты міндеттер қойып, Президент тапсырмаларын мүлтіксіз және сапалы орындау қажеттігін ерекше атап өтті.