Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы «Antikor.live» жобасының тікелей эфирінде «Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» сұхбат берді.
Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, жол бермеу және жолын кесу мақсатында жыл басынан бері 624 профилактикалық іс-шаралар өткізілген.
Департаменттің негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және сыбайлас жемқорлыққа мониторинг жүргізу болып табылады.
Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 4 сыртқы талдау мен 6 сыбайлас жемқорлыққа мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға 100 жуық ұсыныстар енгізіліп, оның 3/1 орындалған.
Департамент жанындағы «Адалдық алаңы» кеңсесінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың 179 астамы open space форматында жұмысын жүзеге асырған.
Шымкент қаласында «Сапалы жол» жобасы аясында 10 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, 59 кемшіліктер анықталған, оның 42-і қалпына келтірілген.
Департамент бастамасы бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарына мониторинг жүргізіліп, 2,4 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделген.
Сонымен қатар, жыл басынан департаментпен 73 қылмыстық іс тіркелген. Оның 43-і парақорлық, 18-і жемқорлық фактісі. Жыл басынан сотқа 70 іс жолданып, 30 тұлға сотталған.
Сөз соңында Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа жиі шалдығатын салалар: құқық қорғау саласы, ауылшаруашылығы (14 қылмыс), білім, сот, архитектура және құрылыс салалары — деп хабарлады департамент басшысы А.Жұмағали.