Ақпараттық коммуникациялық орталығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитеті брифинг өткізді. Басқосуда комитеттің Шымкент қаласы бойынша 9 айда атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Бүгінде қалада зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны 280 000-нан астам азаматты құрайды. Ағымдағы жылдың 9 айында 91 788 төлем тағайындалған. Оның ішінде 41 777 жаңадан тағайындалған төлемдер мен көлемі өзгеруіне байланысты 50 011 әлеуметтік төлемдер бекітілген. Өткен жылмен салыстырғанда биыл ЭҮП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 1368-ден 8572-ге дейін өскен. Бұл қызмет түрі әсіресе, зейнеткерлер мен мүгедектер үшін өте тиімді болып отыр.
ТӨРЕХАН ДАУЫТОВ-Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы
Қазіргі таңда қаладағы мүгедектердің жалпы саны 36 195 адамға жетті. 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өткен жылғымен салыстырғанда бұл топтағы адамдар саны 574 –ке азайған. 18 жасқа дейінгі «бала-мүгедек» санаты бойынша 565 жаөспірім бар. Ал, ересектер арасында алғаш рет мүгедек деп танылғандар саны 1471.
ТӨРЕХАН ДАУЫТОВ-Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы
КСМ: Бүгінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті фейсбук желісінде халықпен тығыз байланыс бар. Ол үшін әлеуметтік желіде «Кері байланыс» орнатылды.Онда атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттар кеңінен таратылады. Қазіргі таңда парақшаға 8000-ға жуық қолданушылар тіркеліп үлгерді. Оның ішінде 5000-нан аса әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштері мен сауалдарына жауап берілді.
Айдана Қуанышқызы