«Smart media» жобасының аясында дін саласы мамандарына арналған оқыту вебинары өтті

«Smart media» жаңа жобасының аясында дін саласы мамандарына арналған оқыту вебинарларының екінші кезеңін өткізді.

Онлайн-семинарға (практикум) Дін істері комитеті төрағасының орынбасары А.Хатиев, аталған Комитеттің интернет кеңістіктегі діни экстремизмнің алдын-алуды үйлестіру басқармасының басшысы Ж.Долиев және Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының сала мамандары қатысты.

Жоба аясында өңірлік Дін істері басқармаларының және олардың ведомствалық бағынысты Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының қызметкерлері әлеуметтік желілердегі практикалық жұмыс дағдыларына  оқытылатын болады.

Жобаның мақсаты — мемлекет дамуының зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, конфессияаралық келісімді насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу үшін интернет желісі құралдарын пайдалану бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде қолданыстағы мәліметтерді талдауға, сыни тұрғыдан бағалауға, әртүрлі форматта сапалы контенттерді әзірлеуге және оны тиімді насихаттауға мүмкіндік беретін дағдылар мен қабілеттер жиынтығы бар медиа-сауатты сарапшы-мамандарды  даярлау  көзделуде.

https://www.gov.kz/