ЖАСТАРДЫ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАЙЫҚ!

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады.Қалай болғанда да ел, ұлт қамы үшін әр адамның саулығын жақсартуға, салауатты өмір орнатуға бәрімізде атсалысуымыз керек.

Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.

Шылым шегу – ең кең таралған зиянды әдеттердің бірі. Дамыған елдерде шылымнан  20 % астам мезгілсіз өлімдердің болу себебі.

Қазақстанда статистика деректеріне сәйкес 20-59 жастағы шылым шегетін еркектердің саны 60 %-ды құрайды екен.

Қазіргі таңда шылым түтінінде бестен астам улы заттар анықталған. Әсіресе жүйке жүйесін құртатын никотин және дегтео тәрізді заттар (фильтрлерде көрінетін) қауіпті болып табылады. Оның құрамында қорғасын, висмут, калий, полоний, радон изотоптары элементтерінің болуымен қатерлі ісікке әкеледі. Айтпақшы, шылым тартатындарда несеп қуығының қатерлі ісігі пайда болады, себебі олардың несебінде жоғарыда аталғандардың басым бөлігі бар. Бір күннің ішінде құмарпаз шылым шегуші радиоактивті сәулелену мөлшерін алады, ал ол 7 есе ықтимал шекті мөлшерге артады.

Медициналық статистика деректері бойынша, әлемде шылымнан жыл сайын екі жарым миллион адам өледі. Темекі тартатын адамның жасы орташа 10-12 жылға қысқарады. Шылым шегуден жиі өкпе, жүрек, асқазан, бүйрек зақымданады. Егер адам 15 жасында шылым шеге бастаса, онда қатерлі ісікпен ауыру қаупі 15 есе, 25 жаста 3 есе артады, ал шылым шегу өтілін үш есе көбейту қатерлі ісікпен ауыру қаупін 100 есе көбейтеді.       

Шылым шегетін әйелдер тез қартаяды, олар бет реңін жоғалтады, тері күңгірттеніп, саршыл-сұр колоритке ие болады, дауыстары жуандай бастайды, оларда кеуде қысымы жиі болады, үнемі азартты жөтел, қақырық пайда болады және нәтижесінде созылмалы бронхит және өкпе эмфемизмі дамуы мүмкін.

Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.