ЕРІКТІЛЕР ҚАЛАНЫ ТАЗАЛАДЫ

«ECOSANA» жобасы аясында Шымкенттік еріктілер 5 аптадан бері қала аумағын қоқыстан тазартуда. Бұл жолғы аялдама – шаһардағы шет аймақ – Достық мөлтекауданы. Күн санап көркейіп келе жатқан шағынаудан да бірқатар ірі нысандар мен тұрғын үйлер бой көтерген. Тазалыққа бет бұрған азаматтар ла таңнан осы аймаққа бет бұрды.

Сенбілік акциясына ​қала белсенділері,  волонтерлік ұйымдар мен бір қатар мекемелер ат салысты.  Келесі апта да тазалық жұмыстары  қала аумағында жалғасын тауып, қорытындыланатын болады. Күннің салқындығына байланысты қараша айының екінші жартысынан бастап, ұжымдық сенбілік акциясы тоқталады. Ал, еріктілер кез-келген уақытта қала тазалығына үн қоса беруіне болады..

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

 Акцияның мақсаты жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстау. Сондай-ақ, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Cенбілік акциясы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылды.

Әбдімәлік Закиров – Шымкент қаласының тұрғыны

Қала басшылығының бұл бастамасы өзге өңірлерге де үлгі болуда. Яғни, басқа облыстар да біздің тәжірибеге сүйене өз аймақтарында осындай жобаларды жүзеге асыруда. Айта кетейік, қала тазалығына белсене ат салысқан топ мүшелеріне велосипед, планшет, смарт сағаттар тарту етіледі.

Д.Өмірзақова