U:hack online 2020 жаңашыл идеялар фестивалі

U:hack – шығармашыл және бейресми ортада өз идеяларыңызды жоба прототипіне айналдыратын жыл сайын өткізілетін инновациялық идеялар жобасы. U:hack алғаш рет 2019 жылы Шымкент қаласында болып өтті.

Жобаның басты мақсаты мықты мамандар мен дарындарға өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік жасау және сенімділік сыйлау болып табылады. Жоба қатысушылары тек қана қоршаған ортамызды «түзетіп» қана қоймай, қоғам стереотиптері мен өз жалқаулығын да жеңуі қажет. 11 ел мен 25 түрлі қала тұрғындарынан тұратын 1500-ден астам қатысушылар 24 сағат ішінде қоғам мен қаланың актуалды мәселелерін шешуге арналған, жалпы, 400-дей жоба қорғайтын болады.

Осы жылы U:hack фестивалінің ең үлкен ерекшелігі және артықшылығы — іс-шараның онлайн форматта өтуі. Бұл — өз жоба прототипіңізді әлемнің кез келген нүктесінен ұсынуға таптырмас мүмкіндік. Онлайн-фестивальге қатысу үшін, алдымен, 2-4 адамнан тұратын топ құру және тиісті секцияны таңдау арқылы www.uhack.kz сайтында тіркелу қажет.

Осылайша, сізде 1 000 000 теңге жеңіп алу мүмкіндігі пайда болады! Толық жүлде қоры 5 000 000 теңгені құрайды.U:hack фестивалінде 5 түрлі секция бар:Ақпараттық технологиялар;Кәсіпкерлік;Контент және медиа;Кино және видео;Смарт ғылым.U:hack ашылу салтанаты тікелей трансляция форматында болады.

Конкурс кезеңдері мен кестесі жайлы www.uhack.kz сайтында біле аласыздар.Жабылу салтанаты Наурыз саябағында, автокинотеатр форматында болып өтеді және де сүйікті, әрі ерекше Квартирник Drive In ән кешімен жалғасады.

Сондай-ақ, кешіміздің қонағы ретінде ИРИНА КАЙРАТОВНА музыкалық тобы өз өнерін көрсететін болады. Кіру тек алдын-ала тіркелу арқылы жүзеге асады.Жоба қала әкімшілігі қолдауымен өтеді⠀🌐 Тіркелу сайты: www.uhack.kz✅ Сұрақтар үшін @uhack.kz & @uprojects.kz Инстаграм парақшаларын немесе +7 702 669 99 77 ұялы телефон номерін қолданыңыз.

Ақпарат көзі Шымкент қаласы әкімдігінің facebookтағы парақшасы @akimat.shymkent