Шымкентте қысқа дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы техникалардың қысқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «ЛТД Тұрмыс» ЖШС мекемесінің техникалық базасын аралады.
Биыл қала тазалығы үшін 20 жаңа техника, 4 газель сатып алынған. Жалпы қазіргі таңда мекеме балансында 258 дана техника бар. Оның ішінде 208-і арнайы техника болып есептеледі. Жыл соңына дейін тағы 30 дана қоқыс шығаратын техника, 10 дана камаз сатып алынады екен.
Сонымен қатар, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС мекемесінің базасында 12130 м3 инертті материалдар жиналған. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 20000 текше метрге жетеді.
Одан өзге, қала әкімі күзгі отырғызылатын ағаш-көшеттерді көрді. Атап айтқанда биыл қалада 100 дана қарағай, 60 дана Қырым қарағайы, 40 көшет көк шырша, жай жапырақты ағаш — 18000 дана, лигуструм бұтақшалары -50000 дана, раушан гүлдер — 36000 дана, 60 дана бозарша егіледі.
Арнайы техникалардың жағдайымен танысқан қала әкімі сала басшыларына қыс мезгіліне 100 пайыз дайын болуды тапсырды.