Шымкенте жол сапасына арнайы рейдтік шара өткізілді

Қала көшелерінің жол мәселесі әлі де күн тәртібінен түсер емес. Шымкенттегі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мен «Шымкент -адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері арнайы рейдтік шара өткізді. Тексеру барысында жолдың сапасын қадағалайтын мамандар лаборатория қызметкерлерімен бірге асфальтты қазып сынама алды.

Бұл Шымкент пен Индустриялды аймақты жалғап жатқан күре жол. Бүгінде 4,8 шақырым көшенің  құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы,  жөндеу жұмыстарына  бюджеттен 800 млн теңге бөлінген екен. Мамандар төселген асфальттан сынама алды.  Жолдың сапасын тексерді. Көрсеткіш мынадай….

Қайрат Шәкіров – «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Шымкент қалалық филиалының зертхана меңгерушісі

— Қалыңдығы 5 см. деп  қарастырылған. 5,5 см. шығып тұр.  Асты шектелмеген. Оның қалыңдығы 5,7 см. шықты.  Негізі,  жобаға келіп тұр.  

Жол сапасын тексерген  мамандар  7000  ш.м. асфальттан 3 керн алды. Алынған керн жабық зертханада сараптамадан өтеді. Битум құрамы, тастың сапасы зерделенеді. Бұл жолы мамандар  жиектастардың  «талапқа сай келетінін де атап өтті.

Сәбит Әсілбек – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық филиалының аға офицері

— 17 рет тексеріс жұмыстарын жүргіздік. 77 қателік анықталды. 44 –і  қалпына келтірілді. Мердігер кеткен кемшілікті қалпына келтірмесе ақшасы төленбейді.

Биыл мегаполистің 256 көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.  Оның 225-і орташа, алтауы күрделі жөндеуден өтуде. Оған  26,9 миллиард  теңге  қаралған.

Н. Әлімбаев