«WorldSkills KAZAKHSTAN — 2020»ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

2020 жылдың 26-29 қазан аралығында Шымкент қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына сұранысын арттыру мақсатында «WorldSkills Kazakhstan-2020» ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңі өткізілді.

«WorldSkills Kazakhstan» чемпионаттың миссиясы — жастарды халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологияны жетік меңгерген мамандармен қамтамасыз ету механизмін құру.

WorldSkills қозғалысы еліміздің жас мамандарына алған кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. ​

1. «WorldSkills Shymkent-2020» ұлттық чемпионаттың аймақтық кезеңіне 30 құзыреттілік бойынша 92 үміткер қатысып, бағын сынады. Соның ішінде

2. «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттері Құдияр Аяулым, Эрназарова Хилола;

3. «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенті Өмірзақ Аида Жақсылыққызы;

4. «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша Политехникалық колледждің студенті Дарханов Абылайхан Оралханұлы;

5. «Өндірістік автоматика» құзыреттілігі бойынша Политехникалық колледждің студенті Сухарев Сергей Юрьевич;

6. «Бизнес үшін IT шешімдер» құзыреттілігі бойынша Политехникалық колледждің студенті Шепелев Константин Дмитриевич;

7. «Ұялы робототехника» құзыреттілігі бойынша М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенті Әбдінәби Абылайхан Әсетұлы;

8. «Интернет заттары» құзыреттілігі бойынша Политехникалық колледждің студенті Қадыри Санжар Бегзатұлы;

9. «Желілік және әкімшілік басқару» құзыреттілігі бойынша М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенті Мұратбек Ерсеит Батырбекұлы;

10. «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету, жөндеу» құзыреттілігі бойынша Жол-көлік колледжінің студенті Тасқұл Еркебұлан Қалжанұлы;

11. «Шанақ жөндеу» құзыреттілігі бойынша Жол-көлік колледжінің студенті Умирзаков Елдос Жанболатұлы;

12. «Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша Жол-көлік колледжінің студенті Сабырқұл Ақарыс Қайратұлы;

13. «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша Индустриалды-техникалық колледжінің студенті Әшірбай Нұрболат Жақсыбайұлы;

14. «Электромонтаж ісі» құзыреттілігі бойынша Рахманкулов Атабек Рахымкулулы;

15. «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша Политехникалық колледждің студенті Ульжебаев Сакен;

16. «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша №4 колледжі студенті Әбдәшім Дәулет Дарханұлы;

17. «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша №6 колледж студенті Молдасалы Мейрамбек;

18. «Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша №6 колледжь студенті Хабибуллаева Муниса Нуруллаевна;

19. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша Жоғары медицина колледжінің студенті Ізбасарова Анеля Ержанқызы;

20. «Малярлық және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенті Жангазина Әлия Алматқызы;

21. «Флористика» құзыреттілігі бойынша Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенті Рева Юлианна Юрьевна;

22. «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенті Руденко Владислава Тимофеевна;

23. «Мейрамхана сервисі» құзыреттілігі бойынша №6 колледж студенті Мартин Юрий Андреевич;

24. «Пісіру шеберлігі» құзыреттілігі бойынша №6 колледж студенті Әблаш Балнұр Серікханқызы;

25. «Ағаш ұстасы» құзыреттілігі бойынша №10 колледж студенті Турсунханов Одилхон Жораханович;

26. «Шатыр жұмысы» құзыреттілігі бойынша №10 колледж студенті Якибжанов Санжар Шухратович;

27. «Дизельді қозғалтқышқа қызмет көрсету және жөндеу» құзыреттілігі бойынша Индустриалды-техникалық колледж студенті Раметов Санжар Олымжанович;

28. «Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда токарлық іс» құзыреттілігі бойынша №10 колледж студенті Корчиев Отабек Шухратбекович;

29. «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенті Рахымбай Абылай Мырзахметұлы;

30. «Плитка жапсыру» құзыреттілігі бойынша М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенті Өмірзақ Дастан Нұрғалиұлы үздік нәтиже көрсетіп, 1 Дәрежелі диплом иегері атанды.

Кәсіптік шеберлерді анықтау чемпионатындаІ орын иегері атанған жеңімпаздарға 70 мың теңгелік қаржылай сыйлық белгіленіп, Сертификаттар табысталады.

Сонымен қатар, жүлделі ІІ орын алған жеңімпаздарға 50 мың, ІІІ орын алған жеңімпаздарға 25 мың теңге көлемінде сертификаттар мен Дипломдар табысталады.Анықталған кәсіпқой жеңімпаздарымыз Республикалық, Халықаралық чемпионатта да үздік нәтиже көрсетіп,

Шымкент қаласының абыройын асқақтатып, жеңімпаз атанады, деп сенім білдіреміз.