QURBAN2020.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады — деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Аталған сайт арқылы Сіз ешқайда бармай құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере аласыз. Жұмыстың атқарылу барысы туралы тапсырыс берушіге мағлұмат беріледі. Ең алдымен қазіргі пандемия жағдайында ешқандай байланысқа түспей, құрбандығыңызды қашықтан шалуға мүмкіндік жасалған. Qurban2020.muftyat.kz деп аталатын сайт жақын күндері толығымен іске қосылады.

Жаңа сайттың тағы бір артықшылығы мұнда құрбандыққа шалынатын төрт түлік бағасымен қоса көрсетіледі. Сол жерден қажетті малды таңдап, тапсырыс бере аласыз. Ал сойылған малдың еті түгелдей қайырымдылыққа яғни мұқтаж жандарға үлестіріледі.