«Publicbudget.kz» бюджет транспаренттілігінің және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің негізгі аспектілерінің бірі – мемлекеттік органдардың ашықтығы болып табылады. Қазіргі таңда, бюджет жүйесі де трансперентті болуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасын таныстырды.

Мемлекет Басшысының мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруға және ақпаратқа қол жетімділігін жеңілдетуге арналған тапсырмасы негізінде «Publicbudget.kz» жобасы енгізіліп, жүзеге асырылуда.

Бұл карта халық үшін қолжетімді, түсінікті, қоғамдық бақылаудың тетігін жасап отыр.

Карта нақты уақыт режимінде әлеуметтік салаларға білім, денсаулық, мәдениет, спорт және т.б.  құрылысы мен  жөндеуіне бөлінген бюджеттік ақша туралы мәліметтерді көрсетеді.

Бұл-бюджеттің транспаренттілігінің және елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі.

Кез-келген адам тәулігіне 24 сағат көрсетілген процестердің құрылыс мерзімдерін  бақылай  алады. Бүгінгі күні 388 мекеменің бюджеті жарияланған. Қазіргі таңда, мемлекеттік органдардың сайттарында «Осы ұйымның бюджетін біл»  логотипі бар баннерлерде  жариялау  жұмыстары жүргізілуде.

Халық тарапынан оң баға алған қоғамдық бақылаудың парменді құралы болып отыр.

Қала тұрғындары  барлық процесстерді құжаттамамен салыстырып, алшақтықтар туындаған жағдайда шағымдар мен фотоларды жібере алады.