IX Азаматтық форум шеңберінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шара жоспарларын әзірлеу мәселелері талқыланады

Ағымдағы жылғы 26 қарашада сағат 17:00-де IX Азаматтық форум шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектеновтың үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесуін өткізу жоспарлануда.

Іс-шара барысында үкіметтік емес секторды дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті ұсынымдар мен бірлескен іс-шара жоспарларын әзірлеу мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Іс – шараның мақсаты-ашық диалог және үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдар өкілдерінің күш-жігерін біріктіру.

Форумға Агенттік жанындағы консультативтік-кеңесші органдар, өңірлік және республикалық ҮЕҰ, БАҚ, «Адалдық алаңы» өңірлік және республикалық жобалық кеңестерінің өкілдері, арнайы мониторингтік топ қатысады.

Азаматтық форумға қатысу үшін өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды (Т.А.Ж., жұмыс орны, лауазымы, байланыс) келесі e-mail поштасына жолдау қажет: nurtore2893@mail.ru.