ANTIKOR.LIVE: Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында атқарған жұмыстар баяндалды

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Почивалов Олег Владаимирович «ANTIKOR LIVE» бағдарламасы аясында басқарма қызметіндегі жаңашылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстарын тікелей эфирде баяндады.

Бүгінгі таңда Шымкентте 856 спорт нысаны бар. Аталған спорт нысандарының барлығында қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және жол бермеу бағытында жұмыстар тұрақты атқарылады.

Сонымен қатар, аталған спорт нысандарының жұмыс жоспарларында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері енгізіліп, ай сайын осы саладағы заңнаманы түсіндіруге арналған ұжым ішінде семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.