ANTIKOR.LIVE: Халыққа қызмет көрсету орталығында

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серикбаев «Азаматтарға арналған үкімет» МК Халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындар тарапынан келіп түскен шағымдар бойынша және де делдалдардың онлайн броньдалған кезектерді сатуының алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді – деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің 80%- дан астамын egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы онлайн форматта алуға болады.

Карантин жағдайына байланысты ХҚО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис және egovkzbot2.0 телеграм-боты арқылы алдына ала брондау қажет.