ANTIKOR LIVE: сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою бойынша мемлекеттік органдарға 64 ұсынымдар енгізілген

Бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсынулар енгізудеміз. Олар жеке қатысуыммен еңбек ұжымдарында қаралуда – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали.

Осы іс-шаралар аясында іс-әрекеттердің себептері егжей-тегжейлі талқыланады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ұжымдарда парасаттылық қағидаттарын енгізу бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Жалпы, жыл басынан қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға барлығы 64 ұсыну енгізіліп, олар еңбек ұжымдарында қаралған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Қарау нәтижесі бойынша 43 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 20-дан астам адам жұмыстан және атқаратын қызметінен босатылған (19 атқарып отырған лауазымынан, 2-уі жұмыстан босатылса, 8-і қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, 1-і лауазымынан төмендетіліп, он адамға «қатаң сөгіс», екі адамға «сөгіс», 1 адамға «ескерту» жарияланды).